Ferrox қазандығының артықшылықтары
- Еуропалық өндірістегі контроллер мен желдеткіш, қауіпсіздік клапанымен жабдықталған;
- Қазандық жұмысын уақыт параметрлері бойынша баптауға арналған кіріктірілген хронотермостат;
- Қатты отынның кез келген түріне арналған кең жүктеу камерасы;
- Біріншілік және екіншілік ауаны бөлек беру технологиясы отын шығынын 20%-ға дейін азайтады;
- Бір көмір жүктемесінде 1,5 тәуліктен астам автономды жұмыс;
- Су толтырылған есіктер технологиясы қазандықтың тозуы мен қызып кетуден қорғалуын қамтамасыз етеді;
- Үлкейтілген жылуалмастырғыштың арқасында ПӘК 90–95%-ға дейін жетеді;
- Қазандықтың дәнекерленген тігістеріне 3 жыл, автоматикаға 1 жыл кепілдік;
- Қызмет ету мерзімі 15 жылға дейін.